«Интим суреттеріңді жариялаймын»: Жетісу тұрғыны әйелді бопсалап, ақша алған

Бүгін, 13:16 / Алуа Арман
pixabay.com

Әйел полицияға әлеуметтік желілерде жеке интимдік фотосуреттері мен бейнематериалдарын тарату арқылы қорқытып, 200 мың теңге талап еткен белгісіз адамның әрекеті туралы арызданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті Абай облысында ұсталды. Қазір ол қамауда, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға ескертеді:

«Қорқытып-үркітуге және шантажға берілмеңіздер! Қорқынышпен өмір сүрудің қажеті жоқ — көмек сұраған азаматтың жағында әрқашан заң тұрады. Егер сіз қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз. Әрбір сигнал маңызды — уақытылы шаралар қылмыскерді тоқтатуға және басқаларды осындай қауіптен қорғауға көмектеседі. Есіңізде болсын, үнсіздік — қылмыскердің пайдасына жұмыс істейді. Батылдық пен заңға деген сенім ғана әділдікті қалпына келтіруге және өзіңіз бен жақындарыңызды қорғауға мүмкіндік береді».

Күдіктіге қатысты бопсалау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы көзделген.

Тэгтер:

Жетісу бопсалау интим