Алматыда бөлмеаралық есіктер өндіретін заманауи зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қаланың индустриялық аймағында жалпы аумағы 0,84 гектар болатын өндірістік кешен бой көтереді. Онда өндіріс цехтары, қойма, әкімшілік ғимарат және қажетті инфрақұрылым қарастырылған.
Кәсіпорын 2026 жылы тамызда ашылмақ.
- Жылына 120 мың дана сұранысқа ие есік өндіру
- EU Green Standards талаптарына сай экологиялық таза материалдар пайдалану
- Өнім ішкі нарыққа және Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдеріне жөнелтіледі
Жоба аясында кемінде 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Алматы бюджетіне алдағы 5 жылда жыл сайын кемінде 70 млн теңге салық түседі.
Бастаманы «Алматы» ӘКК-нің еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС-нің қолдауымен «Le porte M» ЖШС жүзеге асырады (280 млн теңге, жылдық мөлшерлеме 6%).