Ақмола облысының полиция департаменті азаматтарды электр энергиясымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«13 қазан күні сағат шамамен 09:45-те Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жанармай құю бекеттерінің бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабар келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, оператор автоцистернаның тіркемесіне көтерілген кезде электр жеткізу желісіне тиіп кетіп, ток соғу салдарынан оқиға орнында қаза тапқан», – деп хабарлады ведомство.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.