«Бәс тіктім»: Шымкент тұрғыны 26 қаламды бүтіндей жұтып қойған

Бүгін, 08:54 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ДБ

Шымкент қаласының тұрғыны бәстесудің салдарынан 26 дана қаламсапты жұтып қойған, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Асқазан-ішек жолдары қатты ауырған науқас №1 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

"Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеріп, эндоскопиялық ота жасау туралы шешім қабылдады. Ота шамамен 2 сағатқа созылып, нәтижесінде мамандар науқастың асқазанынан барлығы 26 қалам-сапты эндоскопиялық жолмен алып шықты", - дейді ведомство.

Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, операция тіліксіз, яғни іш қуысына хирургиялық жолмен кеспей жүргізілген.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне шығарылған.