Польша енді Украинадан келген мигранттарды қабылдай алмайды

14 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Бұл туралы Польшаның президент әкімшілігі жанындағы халықаралық саясат бюросының басшысы Марчин Пшидач RMF FM радиосының эфирінде мәлімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Менің ойымша, біз енді (Украина азаматтарын — ред.) қабылдай алмаймыз. Оларды қоғамға бейімдеу процесін бастау қажет. Бұл — білім беру арқылы жүзеге асады, бірақ қандай да бір жеке аудандардың пайда болуына жол беруге болмайды», — деді ол.

Қыркүйек айының соңында Польшаның президенті Кароль Навроцкий Сеймге азаматтық алу үшін қажетті ең төменгі тұру мерзімін үш жылдан он жылға дейін ұлғайтуды көздейтін заң жобасын ұсынды.

Тэгтер:

Польша Украина