ЖИ миллиардерлері бункер салып, алтын мен оқ жинай бастады

14 қазан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

ЖИ миллиардерлері бункер салып, алтын мен оқ жинай бастады, деп хабарлайды turkystan.kz Futurism-ге сілтеме жасап.

«Біз ақылды жасанды интеллектті шығармай тұрып, алдымен бункер саламыз», – деп ескерткен болатын OpenAI-дің теңқұрушысы Илья Суцкевер. Сол кездегі әзіл бүгінде нақты жоспарға айналғандай.

Ірі технология компанияларының жетекшілері, ЖИ дәуірінің миллиардерлері шынайы дабыл қағып, жеке қауіпсіздік қамына кірісті. Әлемдік БАҚ дерегінше, соңғы жылдары Кремний алқабының байлары жаппай бункерлер салып, алтын мен жер сатып алып, қару-жарақ пен дәрі-дәрмек қорын жинауда.

Бірінің панасы Гавай аралдарында (бұл жерде Марк Цукербергтің аты аталады), ал басқалары, мысалы, OpenAI басшысы Сэм Альтман, йод қоры мен таудағы қорғалған үйлерін дайындап қойған.

Кейбір сарапшылар мұны технология әлеміндегі «жаңа түрдегі апокалиптикалық дайындық» деп атайды. Басқалары бұл үрдісті байлардың өз технологияларынан қорқуының көрінісі ретінде бағалайды.

Тэгтер:

ЖИ бункер