Wildberries Өзбекстанның мемлекеттік поштасын сатып алды

14 қазан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: РБК

Ресейдің ірі маркетплейс Wildberries Өзбекстанның мемлекеттік пошта операторы UzPost-тың акцияларын сатып алып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Gazeta.uz деректеріне сүйене отырып.

Wildberries компаниясы UzPost-тың ең аз дегенде 20% акциясын сатып ала алады және Ташкент қаласындағы 50 пошта бөлімшесі орналасқан ғимаратты меншігіне алуға ниетті.

Егер осы мәміле жүзеге асса, Wildberries Өзбекстанда логистикалық платформасын айтарлықтай кеңейтіп, пошта инфрақұрылымына толықтай қол жеткізуі мүмкін. Бұл қадам маркетплейс үшін өңірлік басымдық пен жеткізілім жылдамдығын жақсарту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие болуы ықтимал.

Тэгтер:

Өзбекстан Wildberries