Жетісу облысында тұрғыннан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

14 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
Полиция. Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер облыс тұрғынынан ақша бопсалаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның ақпаратынша, күдікті жәбірленушіні әлеуметтік желілерге оның интимдік суреттері мен бейнематериалдарын жариялаймын деп қорқытып, 200 мың теңге сұрап бопсалаған. Ал жәбірленуші бірден полицияға жүгінген.

Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, бопсалау әрекеті үшін төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Полиция  бопсалауға және қорқытуларға көнбеуді ескертеді. Егер сіз құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз. Дер кезінде қабылданған шаралар қылмыскерлерді тоқтатып, өзге азаматтарды осындай қауіптен қорғауға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

Жетісу облысы