Әлия Молдағұлованың портреті бар монеталар айналымға шығады

14 қазан, 2025 / Алуа Арман
Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Коллекциялық монеталар 2025 жылғы 15 қазаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады. 

Монета Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға арналған. Монета дизайнында батыр бейнесі портрет түрінде бейнеленген.

Brilliant uncirculated дайындау сапасымен, мельхиор (МН 25) қорытпасынан жасалған номиналы 200 теңгелік монеталардың салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 10 000 (он мың) дана.

Барлық монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің кез келген түрінде қабылдануға міндетті. Сондай-ақ оларды елдегі барлық банкте банк шоттарына аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Тэгтер:

Ұлттық банк монета Әлия Молдағұлова