Димаш Құдайберген Мексикада бүлдіршіннің тұсауын кесті

Бүгін, 15:06 / Інжу Әлихан
gov.kz

Әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның Мехикодағы елшілігінде болып, қазақстандық диаспора өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Димаш Құдайберген Мехикода  8-10 қазанда өткен концерттік қойылымдар аясында болды. Әншінің қойылымдары 25 мыңнан астам көрермен жинап, Латын Америкасындағы жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болды. Тур барысында Қазақстанның ізгі ниет Елшісі ретінде еліміздің мәдениеті мен тарихын белсенді түрде насихаттады.

Ол кездесуде  Елші Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойнап, сондай-ақ бір жасар қазақстандық Халид Йылдыздың тұсау кесті және тілегін айтты.  

Сонымен қатар, БҰҰ жанындағы Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет Елшісі ретіндегі миссиясы аясында Димаш Құдайберген соғыстардың жойқын салдары туралы тоқтала келе, бейбітшілікке, өзара түсіністікке және қақтығыстардың алдын алу және тұрақтылықты ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігер біріктіруге шақырды.

Жанкүйерлер әншіге, оның отбасы мен командасына ризашылықтарын білдіріп, кәдесыйлар мен тәттілер сыйлады.

Тэгтер:

Димаш Құдайберген