Президент «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

Бүгін, 14:26 / Алуа Арман
Ақорда

Кездесуде Мемлекет басшысына «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» бірлескен ірі жобаларын іске асыру барысы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вагит Алекперовті компанияның Қазақстандағы табысты қызметінің 30 жылдығымен құттықтады.

Тэгтер:

Лукойл