Алматыда жүргізуші көршісін әдейі қаққан

Бүгін, 14:17 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы қаласының Жетісу ауданындағы аулалардың бірінде ер адам көршісін автокөлікпен әдейі қаққан. Куәгерлердің сөзінше бұл кездейсоқ болмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жергілікті тұрғындардың айтуынша зардап шегуші отбасының жалғыз асыраушысы болған. Үйінде зейнет жасындағы анасы мен әжесі күтіп отырған», - делінген желіде тараған жазбада.

Оқиғаның себептері белгісіз. Мән-жайы анықталып жатыр.

 

Тэгтер:

Автокөлік машина қағу