Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін, 14:13 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.

Тэгтер:

Тоқаев Путин