2018 жылы Қазақстан өзін-өзі мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етпек

2018 жылы Қазақстан өзін-өзі мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етпек

2018 жылы Қазақстан өзін-өзі мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етпек
ашық дереккөзі
Келер жылы Қазақстан өзін-өзі мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге қауқарлы болады, – деп хабарлайды Астана арнасы. Арнаның хабарлауынша, алдағы уақытта Қазақстанның Орталық Азия мен Ауғанстанды да жанармаймен қамтуға мүмкіндігі артпақ. Мұндай мәлімдемені Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жасады. Шымкент мұнай ауытындағы жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңі шілдеде аяқталады. Нәтижесінде мұнай өнімдері бұрынғыдан әлдеқайда артық өңделеді. Өнімнің сапасы да талапқа сай болмақ. Министрдің айтуынша, Павлодар мен Атыраудағы зауыттарда жүріп жатқан жаңғырту жұмыстары биылдан қалмай бітеді. Соның нәтижесінде 2018 жылдан бастап Қазақстан бензин бағасын реттеуге мүмкіндік артады. «Дизель отыны 100 пайыз шығарылса, әрине, біздің жағымыздан бағаға әсер ететін факторлар көбірек болады. Онда біздің тарапымыздан  оларды реттеу жеңілдеу болады.  Қандай баға керек болса,  біз тиімділігін ойлап, сондай бағаларды қоятын боламыз», – деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Қазіргі уақытта Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ел нарығының 30 пайызын қамтамасыз етіп келеді. Жаңғырту жұмыстарынан соң мүмкіндігі тағы 5 пайызға артады деп жорамалдануда. 31 наурыздан бастап жоспарлы жөндеуге жабылған зауытта жаңғыртудың екінші кезеңі қарқын алған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде зауыт жылына 6 миллион тоннаға дейін шикізат өңдейтін болады. Сол кезде Қазақстандағы мұнай өнімдері экспортқа да шығарылады.