Алматыда бір топ ер адамнан таяқ жеген жігіттің анасы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, Медицина университетінің студенті басынан ауыр жарақат алған.
Жәбірленушінің анасы Ақмаржан Ботбаеваның айтуынша, ұлы достарымен бірге кафеде демалып отырған. Оған 15-16 адам жабылған. Мұрыны сынған. Қазір нейрохирургияда жатыр. Беті мен мұрнына ота жасау қажет.
Күдіктілер ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Егер олардың кінәсі дәлелденсе бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.