Шымкентте 26 жастағы келіншекті өлтірген оқушының соты өтіп жатыр

Бүгін, 10:43 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент қаласында 26 жастағы әйелді өлтіру ісі бойынша сот процесі басталды. Бұл қылмысқа 11-сынып оқушысы айыпталып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «31 арнаның» мәліметінше, оқиға жазғы каникул кезінде болған. Мектеп оқушысы қалаға жұмыс істеуге келген. Қайтыс болған әйел — екі баланың анасы. Айыпталушы оны әлеуметтік желі арқылы тапқан. Әйел ғимараттарды жинаумен айналысқан. Қылмыс ол жұмысын аяқтап, келісілген 15 мың теңгені сұраған сәтте жасалған. Мемлекеттік айыптаушы Нұржігіт Ерментаевтың айтуынша, айыпталушы оған пышақпен бірнеше рет соққы жасаған.

«Кәмелетке толмаған айыпталушы қасақана қылмыс жасап, марқұмның денесін қорлаған. Кейін ол қылмыстық әрекеттерін жалғастырып, жәбірленушінің шалбарының оң қалтасында болған ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қылмыстың ізін жасыру үшін денені қара полиэтилен пакетке орап, аулада тұрған құрылыс арбасына салып, қоқыс жәшігіне тастап кеткен», – деді прокурор сотта.

Әйелдің денесі шамамен он күн қоқыс маңында жатқан. Оны жұмысшылар тауып алған.

Тэгтер:

Шымкент Сот үкім