Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге болды – министр

Бүгін, 10:36 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Кейінгі 9 айдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге немесе жоспарға сәйкес 102% болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өткен жылға қарай өсу қарқыны 116%-ға немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3%-ға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», — деді Мәди Такиев.