Айжұлдыз Адайбекова екінші ұлына ерекше есім берді

Бүгін, 09:31 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова бірнеше күн бұрын екінші сәбиін өмірге әкелді. Оқырмандары одан ұлына қандай есім бергенін сұраған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қағаров Санат Сәкенұлы. Санат есімі «бірлік, келісім, гармония» деген мағынаны білдіреді. Оның әрдайым гармонияда өмір сүргенін қалаймын», – деп жазды ол Instagram сторисінде.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекованың танымал блогер Қыран Талапбектен Назар есімді ұлы бар. Баланы қазір Айжұлдыздың анасы Жанар Айжанова тәрбиелеп жатыр.

Қыран Талапбекпен ажырасқаннан кейін, Айжұлдыз екінші рет блогер Сәкен Қағаровқа тұрмысқа шыққан.

Тэгтер:

сәби Айжұлдыз Адайбекова Сәкен Қағаров