Қар жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайтынын хабарлады

Бүгін, 07:28 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазгидромет 14, 15, 16 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері батыста жаңбыр, ал республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

"Еліміздің басым бөлігінде түнгі ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін төмендейді, ал батыс пен оңтүстікте 5-13 градус жылы болады. Күндіз негізінен 0-10 градус жылы, батыста 7-17 градус жылы, ал оңтүстікте 15-25 градус жылы болады", - деді синоптиктер.