Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 05:27 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылғы 14 қазанда Жезқазған, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.