Әнші Қайрат Нұртастың жары және белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы кішігірім қуанышты сәтті бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
13 қазан күні көп балалы ананың кенже қызы Рабиға-Сұлтанның туғанына 2 ай толды. Осы қуанышты күнге орай Жұлдыз Әбдікәрімова қызын фотосессияға алып барған.
«Рәбиа-Сұлтаншам екеуіміз күшті бір жерге бара жатырмыз. Қызықтан қалып қоймаңыздар. Қазір көрсетемін. Әр ай сайын әдемі естеліктер жасап жатырмыз. Уақыты келгенде көрсетемін», – деп жазды актриса өз парақшасының сторисінде.
Сондай-ақ ол фотостудияда түсірілген суреттерін қоса жүктеген.