Жолдасының жарыстан еншілеген жүлдесі жайлы айтқан әнші көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөліскен.
"Сүйінші! Балаларымның әкесі, немеремнің атасы, Мажарстанның Татабанья қаласында өтіп жатқан боз кілем шеберлерінің, яғни спорт ардагерлерінің әлем чемпионатында жеңіске жетті. Әлемнің бірнеше дүркін чемпиондарымен және олимпияда жүлдегерлерімен бірге күш сынасып, қола медальға қол жеткізу - біздің отбасымыз үшін үлкен жеңіс. Отағасы жас кезінде күреспен шұғылданып, кейін бір себептермен күреспей қойған екен. Бірақ өмір бойы спортпен шұғылданып, әрдайым бабында жүреді. Осы, бір жылдың көлемінде қайтадан өзінің жанына жақын спортпен айналыса бастады. Нәтижесі - екі халықаралық турнирде алтын медаль. Күні кеше әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді.Шамамен 35 жыл үзілістен кейін кілемге қайтып оралып, осындай жетістікке қол жеткізген менің жігітім кезінде кілемнен кетпегенде елімізге талай медальдар әкелер еді. Жарайсың,Тоқтасын Сейсенбайұлы!", - деп жазды әнші.
Сондай-ақ ол жұбайының елге оралған сәті түсірілген видеожазбаны да жариялаған.