«Алданған жүректің» басты мақсаты – касса жинау емес, тәлім-тәрбие беру – Дархан Мұсаев

Бүгін, 16:58 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Белгілі актер Дархан Мұсаев «Алданған жүрек» фильмінің бес елде түсірілетінін және ақшасы қайырымдылыққа жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алданған жүрек» – бұл шынайы оқиғалар негізінде шығарылатын фильм. Бұл – қазақ киноиндустриясындағы алғашқы фильмдердің бірі. Фильмнің түсірілімі Тайланд, Шриланка, Дубай, Мекке мен Алматыда түсіріледі. Басты мақсатымыз – касса жинау емес, тәлім-тәрбие беру. Бұл фильмнен түскен қаражат халық белгілеген мұқтаж жандардың қажетіне жұмсалады. Барлық 20 облыс ескерусіз қалмайды. Нағыз халықтың киносы халықтың игілігіне жаратылуы керек», – деп жазды ол Instagram сторисінде.

Фильм желтоқсан айында көрерменге жол тартпақ.

Тэгтер:

Дариға Бадықова фильм Дархан Мұсаев касса жинау Алданған жүрек