Ақсуда құрылыс бөлімінің басшысы 290 млн теңге жымқырған

Бүгін, 16:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақсу қаласының мамандандырылған тергеу соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушылар – Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер. Екеуі де 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актісіне заңсыз түрде қол қойылғанын анықтаған болатын.

Алдын ала тергеу барысында арнайы прокурорлар мемлекетке 290 млн теңгеден астам залал келтірілгенін анықтады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

ақша жымқыру бюджет қаражаты мердігер құрылыс бөлімі Ақсу қаласы