Бородулиха ауданында екі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеп-тексеру аяқталды. Олар нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
2023–2024 жылдарар алығында кәсіпкерлер бір жылдан астам уақыт бойы абоненттерден қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және көму қызметтерін көрсетпесе де, негізсіз төлем алып келген. Ай сайынғы тариф қалдықтарды жинау мен тасымалдауға ғана белгіленген 216 теңгенің орнына 403 теңгені құраған.
Нәтижесінде 62 кәсіпкерді қоса алғанда 6 мыңнан астам абонент 12,8 млн теңге артық төлеген.
Аудандық соттың қаулыларымен екі заңбұзушы да ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1 бөлігі бойынша (нарық субъектілерінің өз үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Уәкілетті органның нұсқамасына сәйкес заңсыз әрекеттер тоқтатылып, жаңа тарифтер бекітілгенге дейін қызмет құны 216 теңгеге дейін төмендетілді.