Қуандық Бишімбаевтың абақтыда немен айналысып жатқаны белгілі болды

Бүгін, 14:54 / Алуа Арман
Ғаламтор

Ішкі істер вице-министрі – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомство өкілінің айтуынша, бұрынғы министр сот белгілеген тәртіпке сәйкес жазасын өтеп жатыр.

«Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес жазасын өтеуде. Ол ішкі тәртіп ережелерін сақтап отыр. Әрбір сотталушы сияқты, ол да колония ішіндегі жұмыстарға тартылады», – деді Қайырбеков дүйсенбі күні ІІМ ғимаратында журналистерге берген сұхбатында.

Бишімбаев басқа сотталғандар сияқты тұрмыстық міндеттерді орындайды – бекітілген аумақты жинайды және шаруашылық жұмыстарға қатысады.

«Ол мекеме ішіндегі еңбек қызметіне қатысады: бөлмесінің тазалығын сақтайды, күнделікті шаруашылық жұмыстарға көмектеседі. Бұл – барлық сотталғандарға қойылатын жалпы талап», – деді Қайырбеков.

Сонымен қатар, шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ағасы — Бақытжан Байжановтың да қазіргі жағдайы туралы айтты.

«Ол әлі бостандыққа шыққан жоқ, жазасын өтеуді жалғастырып жатыр. Қай мекемеде отырғанын қазір нақты айта алмаймыз, бірақ ол да сот үкіміне сәйкес жазасын өтеп жатыр», – деді ҚАЖК басшысы.

Тэгтер:

Түрме Қуандық Бишімбаев абақты жазасын өтеу