Маңғыстаулық спортшылар пауэрлифтингтен Азия чемпионатында топ жарды

Бүгін, 12:55 / Інжу Әлихан
instagram/shvsm_aktau

Гонконг қаласында 8-12 қазан аралығы Азияның жабдықталған және классикалық жатып сығымдау чемпионаты өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Чемпионатқа Азия елдерінің ең мықты спортшылары қатысып, кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасында, ерлер мен әйелдер санатында бақ сынады. Сонымен қатар, жарыс аясында Арнайы Олимпиада классикалық жатып сығымдау чемпионаты да өтті.

Бұл халықаралық додада Маңғыстау облысының спортшылары еліміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.