Алматыда бір топ жігіт 18 жастағы бозбаланы соққыға жыққан

Бүгін, 12:04 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматылық әйел 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні 18 жастағы ұлының аяусыз соққыға жығылғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Оны Төле би көшесіндегі “Шашлыкоff” кафесінің алдында бір топ мас адам ұрып-соққан. Бірінші соққыдан ол есінен танып қалған, ал олар оны басынан аяусыз ұрып соғуын жалғастырған. Шамамен 15–20 адам қатысқан, бірақ қазіргі уақытта олардың үшеуі ғана ұсталған», - деді ол.

Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олардың әрқайсысының кінәсін және оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция барлық кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатынын, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілетінін ерекше атап өтті.

Тэгтер:

Алматы төбелес соққыға жығу