Қазақстандық жас футболшы көз жұмды

Бүгін, 08:34 / Нұрлан Әлинұр
Фото: fcaktobe_official / instagram

15 жастағы футболшы Арон Мұса «Ақтөбе U-16» командасының қорғаушысы болған. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

– Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, - деп жазылған клуб хабарламасында.