Көктайғақ: Қарағанды облысында жол жабылды

12 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қарағанды облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қарағанды – Аягөз – Боғаз автожолының 64-217-шақырымында (Ботақара – Қарқаралы аралығы) көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазавтожол» мәліметінше, шектеу барлық санаттағы көлік құралдарына қатысты енгізілді. Бұған ауа температурасының төмендеуі және көптеген жүргізушілердің жазғы шиналарды қолдануы себеп болған.

Жолды 13 қазан күні сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта учаскеде 4 бірлік арнайы техника жолды тазалау және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.