«Жоқ болып кетті»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі жазба жариялады

Бүгін, 20:58 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаев instagram-дағы парақшасында біраз уақыттан бері желіде көрінбей кеткенін айтып, жағдайының жақсы екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мені жоқ боп кетті деп уайымдап жатқан ағайын, Аллаға шүкір менде бәрі жақсы. Өмірден қателесіп сүрінсең де ешқандай құлауға хақың жоқ балам деген әкемнің бір ауыз сөзі маған қанат беріп жігерлендірді. Әкемнің сол сөзінен кейін бірден өзімді қолға алып спортпен шұғылданып бастадым. Сол күннен бастап бүгінгі таңға дейін 3 ай уақыт өтіпті. Сол уақыт аралықтарында 130 кг-ден 90 кг-ге түсіппін. Тағы да бір өзіме ұғынғаным ешбір жеңіс еңбексіз келмейтініне көзім жетті. Құлау оңай, тұру қиын екен!», – деді ол.