Алматыда дүкеннен өрт шықты: от тұрғын үйге ауысты

Бүгін, 19:06 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 12 қазанда Алматыда төтенше жағдай орын алды. Оңтүстік астанада дүкен өртке оранып, от қасында тұрғын үйге ауысты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, төтенше жағдай Васнецов көшесінде болған. Бір қабатты дүкені өртеніп, от қатар орналасқан жеке тұрғын үйге ауысты.

"ТЖМ бірінші бөлімшелері келгеннен кейін дүкеннің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлестірілген іс-қимылдары нәтижесінде оттың таралуына жол берілмеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.