Қарағандыда өртеніп жатқан үйден 33 адам құтқарылды

Бүгін, 18:02 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан үйден 33 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, 112 орталық пультіне Қарағанды қаласы Анжерская көшесінде 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін тұрғын үй-жайда қатты түтін байқалып және өрттің жоғары қабаттарға таралу қаупі анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында түтінді аймағынан 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып және 25 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.