Ақтаудағы сұйытылған газ тапшылығының себебі белгілі болды

Бүгін, 17:08 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақтау қаласындағы газ құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек пайда болды. Қалада газ тапшылығы сезіледі. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Басқарма таратқан ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облысы — еліміздегі сұйытылған мұнай газының (СМГ) ірі тұтынушыларының бірі. Өңірдің ай сайынғы тұтыну көлемі 18000 мың тоннаны құрайды.

Облысқа СМГ өнімінің негізгі бөлігі өлкедегі Қазақ газ өңдеу зауытынан жеткізіледі, ал жетіспейтін көлем Атыраудағы зауыттан бөлініп отыр.