Qazaq Air ұшқыштары компания басшылығына талап қойды

Бүгін, 14:49 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасады, деп хабарлайды көлік министрлігі.

Пилоттардың қойған талаптары - түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау, командирлердің жалақысын көтеру, екінші пилоттардың жалақысын көтеру және барлық пилоттар үшін төлемді арттыру.

"Ал көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді", - дейді ведомство.

Министрлік Qazaq Air әуе компаниясының 49%-і Sovico тобына, тағы 49%-і "Самұрық Қазынаға", ал 2%-і Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі екенін хабарлады.