Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ширек финалда Данилина мен Крунич дуэті канадалық Бьянка Андрееску мен қытайлық Юэ Юаньды 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.
Финалға шығу үшін олар германиялық және венгриялық теннисшілер — Лаура Зигемунд пен Фанни Штоллармен кездеседі.
Уханьдағы турнир 6–12 қазан аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 3,65 миллион доллар.