«Анасыда сол ауруханада қайтыс болған»: Жамбылда ауруханаға түскен 6 жастағы бала көз жұмды

11 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жамбыл облысында ауруханаға түскен 6 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрар Рысқұлов аудандық ауруханасында көз жұмған баланың туыстары бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, баланың анасы дәл осы ауруханада екі жыл бұрын қайтыс болған.

Медициналық мекеменің мәліметінше, бала ауруханаға жоспарлы түрде апасымен бірге түскен.

"7 қазаннан бері клиникалық хаттамаға сәйкес тиісті зерттеулер жасалып, тағайындалған емді қабылдаған. Баланың жағдайы орташа ауырлықта болған. 10 қазанда сағат 06.55-те кенеттен қайтыс болған. Қазіргі уақытта баланың өлім себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады аудандық ауруханадағылар.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысы дайын болғанда осы жағдайға қатысты толық мәлімет беріледі, дейді дәрігерлер.