Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 11 қазан күні еліміздің үш қаласында – Өскемен, Семей және Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың айтуынша, бұл күндері әлсіз жел, тұман және температура инверсиясы сияқты құбылыстардың әсерінен атмосферада зиянды заттардың жиналуы байқалуы мүмкін.

Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) кезінде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Мамандар халықты ауа райы болжамын қадағалап, мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмауға және экологиялық ахуалға мұқият болуға шақырады.