Түркістан облысы полиция есірткі қылмысына қатысты 9 айда 359 құқық бұзушылық анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нәтижесінде, заңсыз айналымнан жалпы 1 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 келіге жоғары.
«Трамадолды» заңсыз сату фактісімен айналысқан 4 адамнан құралған ұйымдасқан 2 қылмыстық топ әшкереленді.
Синтетикалық есірткілермен күреске ерекше назар аударылуда: 36 адам ұсталып, 3 келіге жуық синтетикалық заттар тәркіленді. Аса ірі көлемде есірткіні сақтау — 18 дерегі, есірткі лабораториясымен байланысты 2 факт анықталды.
Профилактикалық мақсатта • «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы 1114 сайт бұғатталды. «Антифрод» жүйесі арқылы 1346 банк шоты бұғатталып, заңсыз 70 млн. теңгенің аударылымы тоқтатылды.
Көше граффити жазбаларын өшіру бойынша 115 іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде 190 есірткі жарнамалау, насихаттау жазбалары өшірілді.
«Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Қызылорда және Жамбыл облыстарының шекара аумақтарында 2 тосқауыл бекеті қойылды.
Нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткінің заңсыз айналымынан 13 есірткі тасымал арнасы тоқтатылып, жалпы 40 келіден астам «марихуана» есірткі заттары тәркіленіп, 5 тұлға қамауға алынды.
Заңсыз егу — 69 дерегі анықталып, жалпы 62 938 түп есірткі өсімдігі тәркіленді.
«Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасының үш кезеңінде, барлығы 12 қылмыстық және 82 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 2640 «Трамадол» психотроптық заты және 360 тонна прекурсорлар мен түрлі әсері күшті дәрілік-препараттар тәркіленді.
Қазіргі таңда есірткіге қатысты жедел-іздестіру жұмыстары және жастар мен жергілікті тұрғындар арасында нашақорлыққа қарсы профилактикалық алдын алу жұмыстары жалғасуда.