Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде Владимир Путинмен кездесті

Бүгін, 17:02 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Душанбеде кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, бүгін Душанбеде ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі өтті.

Отырыста Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев сөз сөйледі.

Тэгтер:

Тоқаев Путин Душанбе