«Астана – Арқалық» бағытындағы пойызда Starlink интернеті іске қосылды

10 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
ҚТЖ

«KAZRAIL» теміржол тасымалдаушысы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша жүретін №610/611 пойызында Starlink интернетін пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жоба биылғы жылдың соңына дейін толық апробациядан өтеді.

Тасымалдаушылар жолаушы пойыздарында интернетті  қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіп келеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосты

Тэгтер:

Астана Пойыз интернет Starlink Арқалық