Астанада төбелескен оқушыларға қатысты іс қозғалды

10 қазан, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдер анықталды. Кәмелетке толмағандарға қоғамдық орында бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.

Мектепте профилактика кеңесінің отырысы өткізілді. Жасөспірімдер мектепішілік есепке қойылып, жеке профилактикалық жұмыс жоспары бекітілді.

Балалармен және олардың ата-аналарымен психологиялық-педагогикалық және құқықтық жұмыстар жүргізіліп, құқықбұзушылықтың салдары түсіндірілуде.

Материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданды.

 

Тэгтер:

оқушы төбелес