Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіліп қалды

Бүгін, 13:28 / Алуа Арман
olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ширек финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы - Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өзара мықтыны анықтады.

Кездесу екі сетке созылып, Соболенко 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Тэгтер:

Турнир Елена Рыбакина теннис