Маңғыстауда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 12:32 / Інжу Әлихан
скриншот

Маңғыстау облысында жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы (ПАЗ) соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік апаты 9 қазан күні сағат 13:30 шамасында Батыр мен Қызылтөбе-2 ауылдарының арасындағы трассада болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Ал, автобуста 4 жолаушы мен кондуктор болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі (көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілді, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір апаттың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.