Астанада куәгерлер жасөспірімнің өз қатарласын ұрып-соққан сәтін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға «Мечта» тұрғын үй кешенінің маңында болған. Бейнежазба қысқа уақытта үй чаттарында тарап, жағдайға полиция араласты.
Тұрғындардың айтуынша, төбелес № 71 мектептің жанында болған. Видеода бір жасөспірімнің жерде жатқан құрдасына бірнеше рет соққы жасағаны, ал бірнеше баланың сырттай қарап тұрғаны көрінеді. Оқиғаны терезеден түсіріп жатқан әйел айқайлаған сәтте, жасөспірімдер жан-жаққа қашып кеткен.
Бейнежазба мессенджерлер арқылы тез тарап, тұрғындар арасында қызу талқылау тудырды.
«Нұра ауданының полиция басқармасы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары ата-аналарға балалардың мінез-құлқына бақылау жасап, бос уақыттарын қадағалау қажеттігін еске салды.