«Кім кінәлі?»: Шымкентте жас ана босанғаннан кейін 33 күн өткенде қайтыс болды

Бүгін, 11:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент тұрғыны босанғаннан кейін 33 күн өткен соң қайтыс болды. Туыстары дәрігерлерді немқұрайлылық танытты деп айыптап отыр. Олардың пікірінше, әйелге шамадан тыс қан құйылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

31 арнаның мәліметінше 28 жастағы мегаполис тұрғыны перинаталдық орталықта сәбиді аман-есен дүниеге әкелген. Алайда біраз уақыттан кейін оның қызуы көтерілген. Дәрігерлер антибиотик салған, бірақ содан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап кеткен.

«Бірінші көмек көрсетілмеді. Адреналин салу керек еді. Дәрігерлер сепсис деді. Өздері де нақты білмейді, сөздеріне қарағанда жатырда вирус болған-мыс. “Қол қоясыз ба, жоқ па, бәрібір жатырды аламыз. Алматы мен Астанадағы дәрігерлермен Zoom арқылы кеңестік, олар да алып тастаңыз деді”, – деді. Кейін: “Қан қайда кетіп жатқанын түсінбей отырмыз. 18 литр қан құйдық, бірақ ол қайда кеткенін білмейміз”, – деді», – деп баяндады марқұмның анасы Нышангүл Тұлеева.

Туыстарының айтуынша, қан өкпеде жиналып, нәтижесінде миға оттегі бармаған.

 

Тэгтер:

ана перзентхана жүктілік келіншек босану