Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысу үшін Душанбедегі Ұлттар сарайына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мемлекет басшысын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.
Айта кетейік, күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды. Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты.