Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,46 теңгеге қымбаттап, 541,54 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 540,06 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 541,64 теңгеден сатып алынады, 543,57 теңгеден сатылады. Еуро 628,73 – 633,31 теңге, ал рубль 6,54 – 6,65 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,54 теңгеден сатып алынады, 78,20 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 539,66 теңгеден сатып алынады, 545,66 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 626,76 теңге, сату - 634,76 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,59 теңге, сату - 6,75 теңге.
- юань: сатып алу - 75,77 теңге, сату - 79,67 теңге.