Қазақстан су добынан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 10:47 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Ахмедабадта (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құрама ширек финалда Өзбекстаннан басым түсті. Кездесу 27:11 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда отандастарымыз Қытай құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, сондай-ақ әйелдер командасы да жартылай финалға шығып, Қытаймен ойнайды.

 

Тэгтер:

Азия чемпионаты жартылай финал су добы