Қызылорда облысында динозаврдың сүйегі табылды

Бүгін, 09:50 / Інжу Әлихан

Қызылорда облысында динозаврдың сүйегі табылды. Облыстық Тарихи-өлкетану музейінің мамандары құнды жәдігер сонау Бор дәуірінде мекендеген тіршілік иесінің қаңқасы болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «24kz» телеарнасына сілтеме жасап.

Экспедиция Қармақшы ауданының орталығынан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде жүргізілген. Бұл маңды ғалымдар Шах-Шах шатқалы деп атайды. Алдағы уақытта табылған бұйымдарды нақтылау үшін палеонтологтарға жолданбақ.

Музейдің ғылыми хатшысы Асхат Сайлаудың айтуынша, 1968 жылы дәл осы аумақтан «Аралозавр» деген атаумен ғылыми айналымға енген динозаврдың бас сүйегі табылған.

 «Қазақстанда палеонтологиялық кешендер өте санаулы ғой. Сондықтан кешегі табылған жәдігерлердің көбісі баға жетпес құнды жәдігерлер. Алдағы уақытта палеонтологтармен жұмыс жасаймыз. Бұл үлкен сенсациялық жаңалық болып тұр. Жалпы келешекте бұл жер туристік нысанға айналдыруға тиісті жерлердің бірі болып табылады. Бұл әлемдік деңгейде, еуропалық ғалымдардың қызығушылығын тудырған бұл жерді қорғап, үлкен аймаққа айналдыруымыз керек, қорғау аймағына», - деді А. Сайлау.